Лаңкестер өрт сөндірушілерге шабуылдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаңкестер өрт сөндірушілерге шабуылдаған

08.01.2022

Өңірлердегі бұзақылықтар барысында өрт сөндірушілерге шабуылдаудың 33 оқиғасы тіркелді. Бүлікшілер оларға тас лақтырып, оқ атқан. Автокөліктеріне кедергі келтіріп, жолды бөгеттеген. Салдарынан Төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері түрлі жарақаттар алған. Біреуі оққа ұшты. Шабуыл салдарынан 29 өрт сөндіру техникасы қирады. Оның ішінде 5 автоцистернаны тәртіп бұзушылар өртеп жіберді. Бұған қарамастан өрт сөндірушілер 75 өрт ошағын сөндіріп, 143 адамды құтқарды. Бұл туралы ақпармен Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бөлісті.

Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

Ел өңірлерінде орын алған бұзақылықтар барысында адамдардың өмірі мен мүліктерін өрттен құтқарып, қызметтерін атқарып жүрген қарусыз өрт сөндірушілерге қарсы шабуылдар жасалуда. Бұл адами құқықтар мен нормаларды бұзушылық деп есептейміз. Себебі дүниежүзілік әскери қақтығыстардың кезінде екі тарап құтқарушылар мен медицина қызметкерлеріне өз міндеттерін атқаруға ешқашан кедергі келтірмейді.


Хабарламаларға жазылу