Италияда күннің қызуы рекордтық температураға дейін көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда күннің қызуы рекордтық температураға дейін көтерілді

04.08.2017

Мұнда термометр көрсеткіші 40 градусқа жеткен. Осыған орай, билік елдің 26 қаласында аптап ыстық қаупін ескертті. Олардың қатарында Флоренция, Рим, Венеция және Верона тәрізді туристер арасында танымал қалалар да бар. Жұрт көшелердегі субұрқақтардың көмегімен салқындап жүр. Ал, синоптиктер жоғары ауа температурасының дүйсенбіге дейін сақталатынын ескертеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу