Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті

26.02.2020
Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті. Атап айтқанда, Қытайда - 2715, Оңтүстік Кореяда - 11, Diamond Princess лайнерінде - 4, Италияда - 11, Жапонияда - 1, Иранда - 16, Гонконгта 2 адам індеттен көз жұмған. 

Қытайда 78 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 29 мың адам емделіп, ауруханадан шығарылған.

Ал Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 169 адам дерт жұқтырған (жалпы саны 1146), 1 адам қайтыс болған. Елде эпидемиологиялық қауіп деңгейі үшінші «қызғылт сарыдан» төртінші «қызылға» дейін көтерілді.

Коронавирус Швейцария мен Алжирде де тіркелді. Сондай-ақ Германияда да анықталды. Онда 18 адам вирус жұқтырған. 

Ал Италияда қайтыс болғандардың саны 11-ге жетті. Оның 9-ы Ломбардия ауданында, тағы екеуі Венето провинциясында көз жұмған.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу