Бельгия: Ақпанда күн ысыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгия: Ақпанда күн ысыды

27.02.2019

Брюссельде қыста ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілді. Бельгия астанасында осылайша күннің рекордтық жылынуы тіркеліп отыр. Ерекше ауа райына климаттың өзгеруі себепші екені тұрғындарға мәлім.

Апта сайын студенттер Брюссель көшелері арқылы жүріп, ғаламның жылынуына қарсы шерулетіп жатыр. Шара әр сейсенбіде өтеді. Ал, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер «Еуропалық Одақ келесі онжылдықта климаттың өзгеруіне қарсы күреске жүздеген миллиард еуро бөлуі тиіс»,-деп мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу