Мьянмадағы тасқынға байланысты 120 мың адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мьянмадағы тасқынға байланысты 120 мың адам көшірілді

24.07.2017

Мьянманың көп бөлігін су басты. 2 адам қаза тауып, 120 мыңдайы қауіпсіз  жерге көшірілген. Бір өзен арнасынан тасып, буддистердің шіркеуі су астында қалды. Ғибадатханада тасқын кезінде тұрғындар жан сауғалап жүрген екен. «Қазір жағдай бақылауға алынғанымен, бәрі ауа райына байланысты»,-  дейді жергілікті билік.

Мұндай апат жыл сайын қайталанатындықтан, тасқынмен күрес шаралары алдын-ала қамтамасыз етілді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу