Қытайда 1,75 млн адам тасқын жайлаған аймақта қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 1,75 млн адам тасқын жайлаған аймақта қалды

11.10.2021

Қытайдың Шаньси провинциясында үздіксіз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апат 1 млн 750 мың тұрғынның күнделікті тіршілігіне әсер етіп отыр. 120 мыңнан астам адам уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдайларды басқару бөлімінің мәліметінше, 190 мың гектар егістік алқабына зақым келген. 17 мың үй құлады. Бұл - өңірде соңғы 40 жылда болған алапат тасқын. Қазір одан жапа шеккен аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу