Филиппин аралдары: Мыңдаған адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин аралдары: Мыңдаған адам эвакуацияланды

12.04.2022

Филиппиннің орталығында алапат тасқынға байланысты мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су апаты мен лай көшкіні тропикалық «Меги» тайфунынан басталды.

Соңғы мәліметке қарағанда, бірнеше қала топанның ортасында қалып, кемінде 20 адам қаза тапты. 140 мыңға жуық тұрғын зардап шегіп, 17 мыңы үйлерін тастап, эвакуциялық орталықтарды паналауға мәжбүр.

Жауындатқан «Меги» циклоны бұл аймаққа сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жеткен. Оның соққысынан кейін талай қала мен елдімекен көшелері өзенге айналды. Қазір су басқан аудандарда құтқару операциялары жүргізіліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу