Испанияда егістік алқаптары қуаңшылықтан зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда егістік алқаптары қуаңшылықтан зардап шегіп отыр

13.04.2023

Испанияның ауылдық жерлерінің 60 пайызы қуаңшылықтан зардап шегіп отыр. Ал,бидай мен арпа сияқты дақылдар төрт аймақта толығымен жойылуы мүмкін. Мұны осы елдің негізгі фермерлер қауымдастығы бүгін хабарлады. Оның дерегінше, құрғақшылық оңтүстік пен орталықтағы Андалусия, Экстремадура, Кастилья-Ла-Манча және Мурсия провинцияларын шарпып барады. Оларда 3,2 миллион гектар егістік алқабы үлкен шығынға ұшыраған. Испанияның мұндай жағдайға душар болуына соңғы үш жылда жаңбырдың тым аз жаууы, ауа температурасының көбінесе жоғары болуы себепші. Оның үстіне, 2022 жыл 1961 жылдан бергі алтыншы ең ыстық жыл ретінде тіркелген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу