Вьетнамда тропикалық дауылдан 32 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда тропикалық дауылдан 32 адам қаза тапты

23.07.2018

Вьетнамда «Сон-Тинх» тропикалық дауылынан 32 адам қаза тауып, 14-і жараланды. Тағы 17 кісі ізім-ғайып жоғалып кеткен. Бұл туралы елдің Іздеу және құтқару комитеті мәлімдеді.

Табиғи апаттан ел астанасы Ханойды су басқан. Мұнда үздіксіз нөсер жауып тұр. Бұған қоса, шторм Вьетнамның жағалаудағы аудандарына шығын әкелді. 82 мың гектар егістік алқабын су шайып, 5 мыңдай баспанаға зақым келіп, 17 мыңдай үй малы қырылған. Апатпен күреске және инфрақұрылымды қалпына келтіруге 6,5 мыңдай әскери қызметкер тартылды.

Елдің ауа райы мамандарының мәліметінше, күшті жаңбыр әлі бірнеше күн бойы жаууы мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу