Дональд Трамп Корея лидері Ким Чен Ынмен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Корея лидері Ким Чен Ынмен кездеседі

09.03.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның кездесу туралы ұсынысын қабылдады. Сондықтан, екіжақты келіссөздер мамырда өтуі мүмкін. Бұл туралы Құрама Шттардың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мәлім етті.

Трампқа Корея Халықтық Демократиялық Республикасы басшысының жолдауын таяуда Вашингтонға барған оңтүстіккореялық делегация беріп жіберді. Олардың сөзінше, Ким Чен Ын зымыран және ядролық сынақтарды тоқтатуға дайын.

 Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу