АҚШ президенті Иерусалимді Израильдің астанасы етіп жариялау туралы әлі шешім қабылдаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Иерусалимді Израильдің астанасы етіп жариялау туралы әлі шешім қабылдаған жоқ

04.12.2017

Мұны оның күйеу баласы, әрі кеңесшісі Джаред Кушнер мәлімдеді. Бірақ, өзге бір мәліметтерге қарағанда, Ақ үй басшысы көне қаланы еврей мемлекетінің астанасы деп желтоқсанның 6-да жариялауы мүмкін. Егер бұл болжам расталса, Вашингтонның осы аймақта бейбітшілік орнату саясаты тоқтап, Палестина мен Израиль арасында үлкен жанжал басталуы мүмкін.

Бұрын АҚШ Иерусалимнің мәртебесі келіссөздер арқылы шешілу керек деген позицияны ұстанды. Ал, палестиналықтар тарихи шаһарды өзінің болашақ мемлекетінің астанасы етуді көздеп отыр. Сондай-ақ, халықаралық қауымдастық та Израильдің Иерусалимді толық иеленгеніне қарсы. Сондықтан, Трампқа қазір барлық жақтың позициясын таразыға салуға тура келіп тұр.

Джаред Кушнер, Ақ үйдің кеңесшісі:

- Ол түрлі фактілерді ой елегінен өткізіп жатыр. Президент бұл мәселеге қатысты шешім қабылдағанда сол шешім жайында ең алдымен маған емес, сіздерге хабарлауды жөн көрер еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу