Израиль әскері 16 палестиналықты мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері 16 палестиналықты мерт қылды

14.05.2018

Таяу Шығыста қақтығыс күшейіп барады. Бүгін Израиль жауынгерлері Газа секторымен арадағы шекарада 16 палестиналықты мерт қылды. Наразылық акциясы Иерусалимде АҚШ елшілігін ашу жоспарына және Израиль мемлекетінің 70 жылдық мерекесіне қарсылық ретінде өтіп жатыр.

Осылайша, наурыздың 30-да басталған шерулер кезінде Израиль армиясының әрекетінен қаза тапқан палестиналықтардың саны 61-ге жетіп отыр. Осы қантөгіс үшін Израиль үкіметі халықаралық сынға ұшырады. Алайда, Америка Құрама Штаттары еврей мемлекетін қолдап, қақтығыстар үшін барлық кінәні «Хамас» қозғалысына артып отыр.

Айта кесек, Иерусалимде Америка елшілігі бүгін кешке ашылып, ол рәсімге президент Дональд Трамптың қызы Иванка мен күйеу баласы Джаред Кушнер қатысады.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу