Қытайда зауыттағы жарылыстан 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда зауыттағы жарылыстан 19 адам қаза тапты

13.07.2018

Қытайда химиялық зауытта болған жарылыстан 19 адам қаза тауып, 12-сі жараланды. Оқиға орнында алапат өрт тұтанып, аспанға қара түтін көтерілген.

Соңғы мәліметке қарағанда, құтқарушылар өртті сөндірді. Ал, зардап шеккендердің барлығы ауруханада жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, олардың жағдайы тұрақты.

Оқиға Чэнду қаласынан бірнеше сағаттық жердегі кәсіпорында болды. Әзірге, жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір апаттың мән-жайы тергеліп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу