Нигерияда жарылыстан 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда жарылыстан 13 адам қаза тапты

24.10.2017

Нигерияның Майдугуру қаласында жанкешті-лаңкес жарылыс жасап, 13 адам қаза тапты. Тағы ондағаны жараланған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, жарылысты үш әйел жүзеге асырды. Олар жанкешті белдіктерін бірінен кейін бірі іске қосқан. Әзірге, қастандықты ешкім мойнына алған жоқ.

Жалпы, Нигерияда 2002 жылы пайда болған «Боко Харам» радикалдық тобымен күрес жалғасып келеді. Елге шариғат заңын енгізуді көздейтін бұл қарулы топтың қолынан ондаған мың адам қаза тапқан.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу