Пәкістанның Мастунг қаласында жойқын жарылыстан 52 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Мастунг қаласында жойқын жарылыстан 52 адам қаза тапты

30.09.2023

Бүгін Пәкістанның Белуджистан провинциясының Мастунг қаласында жойқын жарылыстан 52 адам қаза тапты. Тағы 50-ден астамы жараланған. Жанкешті бомбаны Мұхаммед Пайғамдардың туған күнін атап өтуге жиналған мұсылмандардың ортасында іске қосты.

Зардап шеккендер ауруханаларға жөнелтілді. Әзірге ешқандай ұйым бұл шабуыл үшін мойнына жауапкершілік алған жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу