Пәкістанда алапат тасқыннан зардап шеккен отбасылар үйлеріне орала алмай отыр
Пәкістанның оңтүстігінде алапат тасқыннан зардап шеккен отбасылар үйлеріне орала алмай отыр. Олар қазір уақытша шатырларда тұрып жатыр. Елдің Апатпен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының мәлімдеуінше, жауын мен топан судан Балоджистан провинциясында 50 мыңдай үй зақымданды. Сондықтан, халықты лагерлерге көшіруге тура келген.
Айта кетсек, өткен айда Пәкістанның Ауғанстанмен және Иранмен шекаралас аймағына жаңбыр жылдағы мөлшерден 305 пайызға артық түсіп, тасқыннан 550-ге жуық адам қаза тапты. Және де жергілікті тұрғындар үйлерінен ғана емес, малынан да айрылып, мыңдаған гектар егістік алқабын су шайып кеткен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАтыраулық ғалым жатыр трансплантациясының жолын зерттеуде
17.06.2026, 13:15
Абай облысында 2 теміржол станциясы пайдалануға берілді
17.06.2026, 13:09
БҚО-да ауылдық округ әкімін жұмыстан шығарды
17.06.2026, 13:06
Трамп Иран соғысында мақсатына жетті ме?
17.06.2026, 13:03
Жеке деректерді таратып келген халықаралық арна жойылды
17.06.2026, 13:00
Килиан Мбаппенің қос голы Францияға жеңіс сыйлады
17.06.2026, 10:14