Пәкістанда жарылыстан 3 адам қаза тауып, 26-сы жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда жарылыстан 3 адам қаза тауып, 26-сы жараланды

21.01.2022

Пәкістанның Лахор қаласында қасақана ұйымдастырылған жарылыстан 3 адам қаза тапты. 26 адам жараланған. Олардың 14-інің халі мүшкіл. Бомба базардағы валюта айырбастау пункті жанында тұрған мотоциклге қойылған. Жарылыстан ғимараттар мен көліктерге зақым келді. Қауіпсіздік күштері мен полиция оқиға болған жерді қоршауға алып, тергеуді бастап кетті.

Билік жарылысқа жауаптыларды тауып, олардың жазасын беруге уәде етті.   

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу