Ирак барлаушылары «ДАИШ» террорлық тобының «бас есепшісін» тұтқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак барлаушылары «ДАИШ» террорлық тобының «бас есепшісін» тұтқындады

12.10.2021

Ирак барлаушылары «Даиш» террористік тобының «бас есепшісін» тұтқындады. Сами Джасим әл-Джабури бұрын осы ұйым иерархиясында екінші адам саналған. Хаджи Хамид деген атпен танымал қаржыгердің қолға түскенін Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи мәлімдеді. Оның сөзінше, Хамид күрделі халықаралық операция кезінде ұсталды. Алайда, үкімет басшысы оның нақты қай мемлекетте тұтқындалғанын атамады. «Фран-пресс» болса, бұл операциясының Түркияда жүргізілгенін хабарлап отыр. Ал, АҚШ әкімшілігі бір кездері Хамидтің басына 5 миллион доллар тіккен еді.


Хабарламаларға жазылу