Ақтөбеде жағдай барынша тұрақталды
Ақтөбе жағдай барынша тұрақталды. Облыс әкімдігінің ғимараты арнайы операция кезінде бұзақылардан толық тазартылды. Қақтығыстар барысында 7 полицей жарақат алған.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Арнайы операция кезінде 200-ге жуық адам ұсталды. Олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліккке тартылады. Қазір құқық қорғаушылар шаһардағы қауіпсіздікті бақылауда ұстап тұр. Облыс әкімдігі аумағында арнайы операция бүгін таңғы мезгілде өтті. Бұзақылар бірнеше бөлмені бүлдірген, жиһаздар мен техниканы жарамсыз еткен. Қазір бұл жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Коммуналдық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ вокзал жұмысы да жандана бастады. Қазір екінші тәулік аялдауға мәжбүр болған Ақтөбе-Маңғышлақ, Ақтөбе-Атырау және Ақтөбе-Алматы поездары жүргелі тұр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09