Малайзия мен Солтүстік Корея арасындағы визасыз режим тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия мен Солтүстік Корея арасындағы визасыз режим тоқтатылды

02.03.2017
Малайзия премьер-министрі Ахмед Захид Хамидидің сөзінше, мұндай шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданып отыр.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас Куала-Лумпур әуежайында Солтүстік Корея лидерінің ағасы өлтірілгеннен кейін нашарлап кетті. Ким Чон Нам ақпанның 13-де жасалған қастандықтан жан тапсырды. Осы іс бойынша ұсталған вьетнамдық және индонезиялық екі әйелге айып тағылды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу