Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим: Сауда жеңілдеп, туризм дамиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим: Сауда жеңілдеп, туризм дамиды

10.11.2023

Сауда-саттық, туризм және инвестиция. Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим осы үш бағыт бойынша еліміздің экономикасын жандандыруға сеп болады.

Сыртқы саяси зерттеулер институтының мәліметтеріне сай, Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасындағы шекараны кесіп өткен адам саны бойынша біздің азаматтар тарапынан басымдық байқалады.

Аманкелді Тәженов, сыртқы саяси зерттеулер институты басқармасы төрағасының орынбасары:

Өткен жылы Қытайдан бізге 64 жарым мың адам келді. Қазақстаннан 98 мың адам барды. Көрдіңіз ба, бізден көбірек барады онда. Бізден қызығушылығымыз көбірек бізде.

Олардың көбі сауда-саттықпен айналысатындар. Яғни визасыз режим арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес одан әрі серпін алары сөзсіз. Сонымен қатар Қытай – шет елге шығу туризміне ең көп шығын шығаратын ел. 2021 жылы Қытай азаматтары саяхатқа 105,7 млрд долларын жұмсаған. Биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанға Қытайдан 8 мыңнан астам турист тіркелгенін ескерсек, визасыз режим бұл көрсеткішті еселеп, Қазақстандағы туризм саласындағы қаражат ағынын біршама ұлғайтары анық.

Қаракөз Кенжебаева


Хабарламаларға жазылу