Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

10.11.2023

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді. Құжатқа сай екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

Азаматтарда шекара асып, сол елде 30 күннен артық қалуға қажеттілік туындаған жағдайда, тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеуге тиіс. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді.

Тұрсынхан Зәкенұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Біз Тәуелсіз ел ретінде қазір Қытаймен тепе-тең Халықаралық принцип негізде, нормалар жүзінде жұмыс істеуіміз керек. Біз транзиттік әлеуетімізді сәулелендіру арқылы өзіміздің Қытайдан Еуропаға баратын үлкен дәліздің бойында отырған мемлекет ретінде көлік логистикалық бағытында транзиттік жүк тасымалынан үлкен пайда табуымызға болады.

Тәуірбек Бөзекен


Хабарламаларға жазылу