Пәкістанда жойқын жарылыстан 9 адам қаза тапты

08.05.2019

Бұл оқиға елдің шығысындағы Лахор қаласының шетіндегі сопылар кесенесінде болған. Болжамдарға қарағанда, шабуыл полиция қызметкерлеріне қастандық ретінде жасалса керек.

Айта кетсек, Пәкістанда суфизмді ұстанатын адамдарға радикалдық сүнниттік топтар бірнеше рет шабуыл жасады. Дегенмен, бүгінгі жарылыс үшін жауапкершілікті ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.

Лахор – Пәкістанның екінші ірі қаласы. Онда кейінгі кездері жарылыстар сиреген еді. Дегенмен, таяуда жергілікті билік Рамазан айы кезінде көпшілік арасында сақ болуды ескертіп мәлімдеме жасаған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу