Пәкістанда университетке жасалған шабуылдан 20 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда университетке жасалған шабуылдан 20 адам қаза тапты

20.01.2016
Пәкістанда университетке жасалған шабуылдан 20 адам қаза тапты
Әзірге оқу орны ғимаратында қанша адам жасырынғаны белгісіз.

Осыдан бірнеше сағат бұрын содырлар Пәкістанның Чарсадда қаласындағы университетке шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, 20 адам қаза тауып, 50-ге тарта адам жараланған.

Көп кешікпей, қантөгісті Пәкістандағы «Талибан» қозғалысы өз мойына алды. Төрт шабуылшы өлтірілген. Олармен арадағы атыс үш сағатқа созылды. Әзірге оқу орны ғимаратында қанша адам жасырынғаны белгісіз.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу