Америкада 100-ден астам иммигрант жұмыстан шығарылды

21.02.2017
Америкада 100-ден астам иммигрант Трамптың саясатына қарсы наразылық акциясына қатысқаны үшін жұмыстан шығарылды. Олардың ішінде Коммерс-Ситиден 30 шақты тас қалаушы, Оклахомадан ресторанның 12 қызметкері мен Теннессиден 18 құрылысшы бар. Қызметінен қуылғандардың көбі - Латын Америкасынан барған иммигранттар.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу