Қытайда жүргізушіні қажет етпейтін көлік сыналып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жүргізушіні қажет етпейтін көлік сыналып жатыр

09.12.2021

Қытай астанасы Бейжіңде жүргізушіні қажет етпейтін көлік коммерциялық мақсатта алғаш рет сыналды. «L4» деп аталатын такси қала көшелерінде жолаушы тасымалдауға кірісті. Автономдық машина мұндай тәжірибеден бірінші рет өтіп отыр.

Алып мегаполистің 60 шаршы шақырым аумағын қамтитын экономикалық даму аймағына осындай техниканың 100-ден астам данасы шығарылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, олар қазір тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.

Арыстан Рысбек


Қытай Бейжің

Хабарламаларға жазылу