COVID-19: Гонконгта мектептер жабылып жатыр

30.11.2020

Коронавирус пандемиясы Еуропа мен Америкада ғана емес, Азияда да қайта күшейіп келеді. Одан Иракта 15 мыңдай, Пәкістанда 8 мыңға жуық тұрғын қайтыс болды. 

Ал Гонконгта тамыздың 2-сінен бері ковид инфекциясы алғаш рет бір тәулікте 100-ден астам адамнан табылды. Осыған байланысты балабақшалар мен бастауыш және орта мектептер жыл соңына дейін жабылды. Және де барлар мен түнгі клубтар да жұмысын тоқтатып отыр. 

Пандемия басталғалы қауіпті ауру Гонконгта 6300-ге жуық адамға жұғып, одан 109 адам қайтыс болған екен. 

Оңтүстік Кореяда спортзалдар жабылып, отельдерде жаңажылдық мерекелер ұйымдастыруға тыйым салынды. Сонымен қатар, мұнда тұрғын үйлерде орналасқан фитнес-клубтар, дәмханалар, кітапханалар ертеңнен бастап қызметін уақытша доғарады. 

Айта кетсек, Кореяда соңғы сегіз айда алғаш рет бір күнде 500-ден астам адам коронавирус жұқтырды.

Арыстан Рысбек

коронавирус Азия статистика

Хабарламаларға жазылу