Трамп елін Ресеймен дауласпай алға жүруге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп елін Ресеймен дауласпай алға жүруге шақырды

29.12.2016
АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп өз елін Ресеймен дауласуды ұмытып, алға жылжуға шақырды. Оның ойынша, ресейлік хакерлер Демократиялық партия компьютерлеріне шабуыл жасады деген мәлімет екі жақтың қатынастарын тіпті қиындатып жіберді.

Құрама Штаттар баспасөзінің хабарлауынша, бүгін Ақ үй Америкада өткен президенттік сайлауға араласты деген айыппен Ресейге жаңа санкциялар жариялауы мүмкін. Алайда, Ресей «Демпартияға жасалған хакерлік шабуылға үкіметтің қатысы жоқ», дейді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу