Дональд Трамп Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен алып тастады
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Федералдық тергеу бюросының басшысы Джеймс Комиді қызметінен алып тастады. Ақ Үйдің мәлімдеуінше, Трамп мұндай шешімді прокурор Джефф Сешнс пен оның орынбасарының ұсыныстарына сай қабылдаған. Трамп Комиге жазған хатында оның федералдық бюроны тиімді басқара алмайтынын атап өткен. АҚШ президенті мен Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, Джеймс Коми Хиллари Клинтонның жеке поштасын жұмыс мақсатында пайдаланғаны туралы дауды, дұрыс тергемегені үшін қуылған. Дегенмен, демократтардың пікірінше, Комиді кетіру арқылы Трамп командасының Ресеймен арадағы байланысына қатысты тергеуді тоқтату көзделіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысының Қамысқала ауылына мал азығы жеткізілді
09.02.2026, 13:24
Ақтөбе облысында үш өрт сөндіру бөлімі ашылды
09.02.2026, 13:21
ШҚО шалғай ауылда медорталық ашылды
09.02.2026, 13:18
Неке – ер мен әйелдің ерікті одағы
09.02.2026, 13:15
Волонтерлер жаңа Конституция жобасына ұсыныс білдірді
09.02.2026, 13:12
Екі ғимарат құлап, 9 адам қаза тапты
09.02.2026, 13:09
Гонконгтың әйгілі медиамагнаты 20 жылға сотталды
09.02.2026, 13:06
25 800 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
09.02.2026, 13:03