Трамп Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған жоқ

20.03.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтамады. Оның баспасөз хатшысы Хоган Гидлидің мәлімдеуінше, Путиннің жеңісі Ақ үй басшысын таңқалдырмаған. Сондай-ақ, Трамп Кремльге хабарласуды жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен, Гидлидің сөзінше, Құрама Штаттар Ресеймен кей салаларда ынтымақтасуға әзір.

Бұған дейін Кремльге құттықтау телеграммаларын Қытай, Әзірбайжан, Беларусь, Армения, Венгрия, Өзбекстан, Венесуэлла, Түрікменстан, Қазақстан, Тәжікстан, Куба, Молдова, Қырғызстан, Абхазия, Оңтүстік Осетия жетекшілері жолдады. Ал, Батыс мемлекеттерінің лидерлері әзірге асығар емес.

Франция президенті Эммануэль Макрон Кремльге телефон соқса да, Путинді құттықтамай, оған тек елді модернизациялауда сәттілік тілеген екен.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу