Трамп Путинді Құрама Штаттарға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Путинді Құрама Штаттарға шақырды

20.04.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинді Құрама Штаттарға шақырды. Мұндай ұсынысты Ақ үй басшысы Кремльге телефон шалып айтқан. Екі держава лидерлерінің сөйлескенін бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, қазір Мәскеу Вашингтоннан ресми шақыру күтіп отыр.

Болжамдарға қарағанда, Трамп Путинді жолына кілем төсеп күтіп алатын болса, Америкада үлкен сынға ұшырауы мүмкін.

Лавровтың тағы бір мәлімдемесіне қарағанда, Ресей Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынды өз жерінде кездестірейін деп отырған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу