Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон отставкаға кетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон отставкаға кетпек

24.06.2016
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон отставкаға кетпек

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон  референдумның қорытындысына байланысты өзінің отставкаға кететіндігі жайлы хабарлады. Бұл жайында саясаткер жұмыс күні өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Мен ремьер-Министр ретінде жақын айларда кеменің хал-ахуалын жақсарту үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым, бірақ, менің ары қарай осы кеменің капитаны ретінде қалуымның жөнін көріп отырған жоқпын», - деді Кэмерон.

Оның айтуынша елдің жаңа Премьер-Минстрі қазан айында өтетін Консерватитві партияның конференциясына дейін тағайындалу керек.

«Бүгінгі таңда нақты құрылғын кестенің қажеттілігі шамалы, бірақ біз қазан айында өтетін Консервативті партияның конференциясына дейін жаңа Премьер-министрді тағайындау үшін ұмтылуымыз қажет», - деп атап көрсетті британдық Премьер-министр.

Дегенмен, Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның Еуропалық одақ ішінде мықтырақ, қауіпсіз және жақсырақ екендігіне сенімін білдірді.

«Мен Англияның Еуропалық одақ ішінде мықтырақ, қауіпсіз әрі жақсырақ екендігіне кәміл сенімді болдым... Алайда, британдықтар басқа жолмен жүруді ұйғарды, сол себепті оларға осы жаңа жолмен жүргізетін жаңа басшы қажет», - деді Кэмерон.

Ұлыбританияның барлық 382 округі бойынша өткізілген референдумның нәтижесі бойынша: Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуына 17 млн 410 мың 742 адам, яғни (51,9%) , ал Еуропалық одақта қалуына 16 млн 141 мың 241 адам, яғни (48,1%) дауыс бергендігін еске саламыз.

 

Хабарламаларға жазылу