Басты Жаңалықтар Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея орта қашықтықтағы екі бірдей баллистикалық зымыран ұшырды.  Жергілікті уақытпен таңғы сағат 6-да жіберілген бірінші «Мусудан» ракетасы, көп ұзамай ауада жарылып кеткен. Ал, екінші зымыран - 400 шақырым қашықтықты ұшып өткеннен кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Пхеньянның 3 мың шақырым қашықтықтағы нысандарға дәлдеп тиетін «Мусудандарды» ұшыруын Оңтүстік Корея және АҚШ әскерилері растап отыр. Солтүстік Кореяда осындай 30-дан астам зымыран бар екені белгілі. Пхеньянның баллистикалық ракеталарды аттандыруына орай, Жапонияның қарулы күштері әскери дайындыққа көшіп, елге бағыт алған әуедегі кез-келген нысанды атып түсіруге бұйрық алды.      

 

А.ТӨЛЕГЕН

Бөлісу