Бағдадтағы екі бірдей терактіден 22 адам қаза болды

09.06.2016
Бағдадтағы екі бірдей терактіден 22 адам қаза болды

Ирак астанасы Бағдадта болған екі бірдей терактіден 22 адам қаза болып, 70-тен астамы жараланды.

Алғашқы жарылыс Бағдадтың шығысындағы сауда алаңында болды. Лаңкестер жол жиегіне қойылған жарылғыш зат бар көлікті жарып жіберді. Полицияның мәліметтері бойынша 15 адам көз жұмып, 50-ден астам адам жарақат алған. Дәл осы уақытта құқыққорғау органдары тағы бір шабуыл туралы хабарлады. Жанкешті отырған көлік Бағдадтың солтүстігінде әскери блокпост маңында күлі көкке ұшты. Жеті солдат қаза тауып, 20-дан астамы жараланды.

Бағдадтағы терактілерді Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы жасақтарының ұясы – Эль-Фаллуджаны ирак әскерінің шабуылдауымен байланыстырып отыр. Бұл елді мекен Анбар провинциясында орналасқан және 2014 жылдан бері Ислам мемлекеті ұйымының бақылауында.

Биылғы жылдың 23 мамырыда ирак әскері мен шитттер милициясы қалаға шабуыл жасай бастады. Ирак үкіметі бейбіт тұрғындарға елді мекенді тастап шығуға үндеп немесе кездейсоқ оқ тимес үшін ақ түсті жалау іліп қоюды сұрады.

«www.bnews.kz».

Хабарламаларға жазылу