Нигерияның солтүстігіндегі жарылыстан 60-тан астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияның солтүстігіндегі жарылыстан 60-тан астам адам қаза тапты

11.02.2016
Нигерияның солтүстігіндегі жарылыстан 60-тан астам адам қаза тапты
Нигерияның солтүстігінде екі бірдей терактіден 60-тан астам тұрғын қаза тауып, 78-і жараланды.

Жарылыс экстремистік «Боко Харам» тобынан қашқан адамдар тұратын лагерде болған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, екі жанкешті әйел лагерьге еніп, жарылғыш затты іске қосқан. Әзірге, олардың қандай қарулы топқа қарасты екені белгісіз.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу