Стамбулдағы терактіден қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда

29.06.2016
Стамбулдағы терактіден қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Стамбулда болған терактіден қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал, бүгін Астана уақытымен түнгі 01.00-де үш бірдей жарылыс пен атыс болған Ататүрік әуежайы жұмысын қайта бастады. Соңғы мәліметтерге сай, лаңкестік шабуыл құрбандарының саны 36-ға жетіп, 150-ге жуық адам жараланған.

Хабарламаларға жазылу