Бүгін әлем халқы 2001 жылы Нью-Йоркте болған қайғылы оқиғаны еске алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін әлем халқы 2001 жылы Нью-Йоркте болған қайғылы оқиғаны еске алып жатыр

11.09.2017

Осыдан 16 жыл бұрын қыркүйектің 11-де «Әл-Каида» ұйымдастырды деп танылған терактіден 3 мыңдай адам қаза тапты.

Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары жыл сайын арнайы мемориалдық кешен жанына жиналып, құрбандардың есімдерін оқып, тағзым етеді. Сол рәсім биыл да жалғасты. Нью-Йоркте таңғы сағат 8-ден 46 минут кеткенде үнсіздік жарияланды. Дәл осы уақытта террористер басып алған бірінші ұшақ егіз мұнараға барып соғылған еді.

Естеріңізде болса, 2001 жылы 11-қыркүйекте жанкешті-лаңкестер 4 бірдей жолаушылар ұшағын басып алды. Солардың екеуі Манхэттендегі Дүниежүзілік сауда орталығын қиратса, біреуі Пентагон ғимаратына бағытталды. Ал, соңғысы Капитолийге жетпей, Вашингтонннан 240 шақырым жерге құлаған. 11-қыркүйек терактісінен барлығы 2977 адам қаза тауып, 24-і із-түзсіз жоғалып кетті.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу