Ауғанстанның Гельманд өңірінде сайлау қарсаңында 10 кандидат өлтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанның Гельманд өңірінде сайлау қарсаңында 10 кандидат өлтірілді

17.10.2018

Ауғанстанның Гельманд өңірінде кеңседегі орындық астына қойылған бомба жарылып, 4 адам қаза тапты. Құрбандардың біреуі осы сенбі күні өтетін парламенттік сайлауға үміткер ретінде қатыспақ болған депутат екен. Жалпы алғанда соңғы екі айда бұл елде 10 кандидат қастандықпен өлтірілген. Ал, өткен аптада елдің Тахар қаласында митинг кезінде болған жойқын жарылыстан 22 адам қайтыс болды. 2001 жылы Ауғанстандағы биліктен айырылғанымен, әлі де үлкен ықпалға ие «Талибан» қозғалысы бұған дейін сайлауға бойкот жарияланған болатын. Олар «Ауғанстанның Батысқа арқа сүйеген үкіметін құлатып, елде шариғат билігін орнатуымыз керек», деп мәлімдеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу