Солтүстік Корея бір түнде екі зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея бір түнде екі зымыран ұшырды

18.03.2016
Солтүстік Корея бір түнде екі зымыран ұшырды
Бұны Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігі хабарлап отыр.

Жапон теңізіне бағыт алған бірінші ракета 17 шақырым биіктікте радар экранынан жоғалып кетіп, жарылған болуы керек. Арада 22 минут өткенде екіншісі ұшырылып, Жапон теңізіне құлаған.

Қаңтарда бұл мемлекет ядролық сынақ өткізді. Содан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі оған қарсы санкцияларды қатаңдатқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу