Пхеньян 4 бірдей баллистикалық зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян 4 бірдей баллистикалық зымыран ұшырды

06.03.2017
Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай 4 бірдей баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді. Оның сөзінше, ракеталардың үшеуі - елдің теңіздегі айрықша экономикалық аймағына құлаған.

Ал, Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, зымырандардың барлығы құрлықаралық болуы мүмкін. Пхеньян - соңғы рет ракетаны ақпанның 12-де ұшырды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу