Араб түбегіндегі жаттығуға 200 мың әскер қатысып жатыр

Сауд Арабиясының солтүстігінде өңірде бұрын-соңды болмаған ірі көлемдегі әскери жаттығу басталды. saudigazette.com.sa сайтының хабарлауына қарағанда жаттығуға 20 елдің әскерлері қатысып жатыр.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Иордания, Бахрейн, Сенегал, Судан, Түркия, Кувейт, Марокко, Пәкістан, Тунис, Катар, Малайзия, Мысыр сынды 20 мемлекеттің әскерлері «Солтүстік дауылы» жаттығуын бастаған. Қытайдың CCTV-News агенттігі Әскери жаттығуға 200 мың жауынгердің қатысып жатқаны туралы хабарлады.
«Ислам әскері» деп аталатын коалицияға кірген елдер жаттығуға 100 ден астам ұшақ, 100 ден астам танк пен көптеген техника қатыстырып жатыр. Мұндай ірі көлемдегі жаттығу өңірде бұрын болмаған көрінеді. Сарапшылар бұл жаттығуды Сауд Арабиясы бастаған коалицияның Иран мен Сирия билігіне көрсеткен қыры ретінде бағалап отыр. Ал, Сауд Арабиясының ресми билігі бұл жаттығуды аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған шара ретінде атап өткен.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бас прокуратура: 7 адамға айыппұл салынды
23.08.2026, 22:00
Учаскенің жабылуына 2 сағатқа жуық уақыт бар
23.08.2026, 22:00
Түркияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 22:00
Дауыс берудің алдын ала қорытындысы
23.08.2026, 22:00
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
«Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай дауыс берді
23.08.2026, 21:00
Прагадағы сайлау учаскесінде 200 адам тіркелген
23.08.2026, 21:00
Ауыл жұрты өз күшімен Ту тұғырын тұрғызды
23.08.2026, 21:00