Tesla Motors жаңа көлігін наурыз айында жұртшылыққа таныстырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tesla Motors жаңа көлігін наурыз айында жұртшылыққа таныстырады

11.02.2016
Tesla Motors   жаңа көлігін наурыз айында  жұртшылыққа таныстырады
 Tesla Motors   жаңа көлігін наурыз айында  жұртшылыққа таныстырады

Tesla Motors компаниясы 2017 жылы сатылымға шығарылатын Model 3 деп аталатын электр көлігін наурыз айының 31 күні таныстыруға бекінді. Жаңа электромобиль Tesla-ның ең арзан көлігі болайын деп тұр. Бұл туралы компанияның құрушысы және жетекшісі Элон Маск twitter аккаунтында жазды.

Шамамен 35 мың АҚШ доллары көлемінде бағаланатын жаңа моделді саудалау 2017 жылы басталады. Компания басшысы Элон Маск жаңа көліктен көп үміт күтетіндігін айтқаны бар. Әрі көлікті бұл бағадан да арзандатау жолдарын қарастырып жатқанын атап өткен. Алайда, оның сыр-сымбаты, келбеті жайлы ақпараттар жоқ. Тек бір рет толтырылған батареялар арқылы 322 ден 644 шақырым аралығында жол жүретіндігі айтылған.

Компанияның жаңа көлігі электромобильдердің ішінде бағасы төмен әрі батареяларының қуаты ең жоғарғысы болмақшы. Әрі компания осы көлікті BMW 3 Series көлігіне бәсекелес ретінде бағалап отыр. Tesla Motors 2020 жылға қарай жылына 500 мың электромобиль сатуды мақcат еткен жайы бар.




Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу