Мароккода әлемдегі ең үлкен күн электр стансасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мароккода әлемдегі ең үлкен күн электр стансасы іске қосылды

05.02.2016
Мароккода әлемдегі ең үлкен  күн электр стансасы іске  қосылды
Мароккода әлемдегі ең үлкен  күн электр стансасы іске  қосылды

Мароккода әлемдегі ең ірі күн электр стансасының алғашқы бөлігі іске қосылды. Король VI Мұхаммед әл Садис бин әл Хасан қатысқан салтанатты шарада жобаның Nur-1 деп аталатын алғашқы сатысы жұмысын бастады. Жоба тұтас аяқталған кезде Марокко күн көзінен 580 мегаватт электр қуатын алатын елге айналады. Бұл дегеніңіз бір АЭС өндіретін электр қуатымен бірдей мөлшердегі энергия.

Станса Сахара шөлінде орналасқан. Ел астанасы Рабаттан 550 шақырым жердегі Уарзазат қаласының маңында орналасқан күн электр стансасының құрылысы 2020 жылы толық аяқталмақ. Ел үкіметі кешенді толоық аяқтау үшін әлі де 4 станса салынатындығын айтқан. Ал, Nur-1 стансасының құрылысына 652 млн доллар жұмсалыпты. Көлемі ел астанасы Рабат қаласының аумағымен бірдей. Nur-1 стансасының қуаты 160 мегаватт.

Жалпы, Марокко Сахарадағы күн электр стансалары арқылы 2020 жылы электр қуатына деген сұраныстың 42 пайызын, 2030 жылы 52 пайызын баламалы қуат көздері арқылы өтемек. Сол себепті ел билігі күн, жел энергиясы сияқты балама қуат көздерін пайдалану жобаларына 9 млрд доллар бөлуді қарастырып отыр. Бүгінде Марокко электр энергиясының 94,5 пайызын импорттайды
.



Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу