Қытайда өндіріс көлемі төмендеді
Қытай өндірісіне қатысты ақпараттарды сараптасақ, қаңтар айында Қытайдың өндіріс саласындағы қызметтердің қатарынан алтыншы ай қысқарғаны белгілі болып отыр. Осылайша, өндіріс көлемі 2012 жылдан бері ең төменгі деңгейге жеткен.

Үкіметтің өндірістік зерттеуіне сүйенсек, өткен айдың сатып алу көрсеткіштері бойынша менеджерлерлік индекс - 49,4 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш желтоқсан айында 49,7 пайыздың төңірегінде болды. Бастапқыдағы қаңтар айының болжамы 49.6 пайыз болатын.
Экономикалық заңдылық бойынша, елдің өндірістік әлеуеті 50 пайыздан төмен болса, фабрикалардың қызметі айтарлықтай нашарлайды деген сөз.
Сарапшыларының айтуларынша, осы жылы Қытайдың экономикалық қызмет импульсі әрі қарай әлсірей бермек.
«2015 жылы ақша-несие және фискалдық ынталандырулар мен басқа да шешімдер Қытай өндірісінің қысқаруына әкеліп соқты. Біз бұған алаңдап отырмыз. Оның үстіне, Қытай жаңа жылының кесірінен қызметтің алғашқы үш айындағы табыс көлемі де азайып кеткен. Бірақ, бұл жыл басында қайталанатын үйреншікті жағдай. Маңыздысы, бұл үрдіс екінші тоқсанға қаншалықты әсер ететіндігі»,-деп түсіндірді IG Markets-тің сарапшысы – Ангус Николсон мырза.
Биыл, болжам бойынша Қытай экономикасының көрсеткіші ең баяу өсуді көрсетіп, 6.5 пайызды құрау керек еді. Алайда, қазіргі жағдай тіпті, бұл деңгейге жетудің өзі қиындатайын деп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00