Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі басталды

13.09.2014
Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі басталды

Жалпы, Алматы шаһары туристерді жылдың кез келген мерзімінде таң-тамаша ете алады. Сырттан келетін қонақтар үшін тамашалайтын қызық көп. Соның бірі -ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.

Бүгін қала тұрғындары нағыз шығыс базарындай жайнаған жәрмеңкенің куәсі болды. Оңтүстік Қазақстан облысы ұйымдастырып отырған шараға  221 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарықтағы бағадан 20 пайызға арзан сатылды.

Алматылықтарға негізінен көкөніс, ет өнімдері, жеміс-жидек, сүт өнімдері ұсынылды. Облыста биыл 800 мың тонна көкөніс, 1 миллион тоннадан астам бақша өнімдері, 80 мың тонна жеміс-жидек пен 57 мың тонна жүзім өндірілген. Одан бөлек, ауылшаруашылық өнімдері сұраныстан үш есе артық өндіріліп, тауарлар шетелдерге де экспортталған.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу