Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға ауыл шаруашылық өнімдері тиелген керуен жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға ауыл шаруашылық өнімдері тиелген керуен жол тартты

09.09.2015
Оңтүстік Қазақстаннан Астанаға ауыл шаруашылық өнімдері тиелген керуен жол тартты

Елордалықтарға нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен 52 тонна ет, 5 тонна қымыз, 127 тонна көкөніс, 11 тонна картоп, 35 тонна бақша өнімдері мен 55 мың дана жұмыртқа арнайы жәрмеңкеге шығарылады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, биыл облыс бойынша 164 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, оған 500 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері мен 300 мың дана жұмыртқа шығарылған.

Аталған жәрмеңкелердің жалпы сомасы 2 милллиардқа жуық теңгені құрады.

Хабарламаларға жазылу