Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

19.10.2014
Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Қызылордада ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Облыс орталығына жеті ауданнан азық-түліктің 53 түрі әкелінген. Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатылуда.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жәрмеңкеде сатушылар және  тұтынушылармен жүздесті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Жәрмеңкеге 926 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Күріштен бастап, көкөніс, бақша дақылдары, ет, мал азығы қала тұрғындарына ұсынылды.

Мерекелік шара «Сыр Ана» монументінде жалғасты. Мұнда «Қызылорда - алтын қазақ ән орда!» атты этноауыл қойылымы болды. Шара барысында киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүр жаңғыртылды. Тоқшылық тойында тұсаукесер рәсімі жасалып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. Спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қол күрес, қазақ күресі, арқан тартудан мықтылар анықталды.

Хабарламаларға жазылу