Дәстүрлі жәрмеңке жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі жәрмеңке жалғасуда

25.10.2014
Дәстүрлі жәрмеңке жалғасуда

Елордада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шаруалары бас шаһар тұрғындарын 100-ден астам өнімнің түрімен қамтамасыз етті. Бағасы да нарықтағымен салыстырғанда 15-20 пайызға арзан.

Жәрмеңкеге барлығы 1100 тоннадан астам өнім әкелінді. Соның ішінде 540 тонна көкөніс, 80 тоннадан астам ет, 15 тонна шұжық өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 20 тонна ұн, 95 тонна күріш, 91 тонна бақша дақылдарын және басқа да азық-түлік әкелді.

Биыл екі өңірде де егін бітік шықты, өнім мол. Тіпті Алаштың анасы Сыр елінде  еңбеккерлер күріш жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіпті. Айта кетейік, әр гектардан 50,1 центнерден күріш алған.

Индира БЕГАЙДАР 

Хабарламаларға жазылу