Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

05.01.2016
Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы
Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы


2016 жылдың басталғанына санаулы ғана күндер өтті. Әлемдік БАҚ 2015 жылдың қорытындыларын әлі толық шығарып біткен жоқ. Өткен жылға қатысты деректердің ішінде жауапсыз қалған бірқатар сұрақтар да бар. mashable.com сондай жауапсыз сауалдардың қатарына Қазақстанға қатысты екі мәселені қосыпты. 2014 жылы шетелдік сарапшылар тек Калачи ауылындағы «ұйқы дертін» ғана құпиясы ашылмаған жағдайлардың қатарына қосқан еді.

Сайт «2015 жылдың сыры ашылмаған 11 құпиясы» деп аталатын материал жарияланған. Онда өткен жылы біраз талқыланған, бірақ нақты жауаптары табылмаған сауалдар жинақталыпты. Жауапсыз қалған сауалдардың ішінде өткен жылдың көктемінде қазақ даласында қырылған киіктер мен Торғайдағы геоглифтер туралы айтылыпты.


Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы
Дегенмен, сайттағы «жауапсыз сауалдарға» кеңірек тоқталар болсақ, бірінші кезекте авторлар өткен жылдың қаңтар айында Парижде болған терактлерге тоқталған. Сол кезде Charlie Hebdo журналының редакциясына және еврейлер дүкені мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалған болатын. Осы терактлер кезінде күдіктілердің бірі ретінде қарастырылған Хаят Бумедьен әлі күнге ұсталған жоқ. Қаңтардан бері ол ізім-ғайым болып кеткен. mashable.com авторлары бір жылдың ішінде бұл адам туралы бірде-бір ақпарат шықпағанына таң қалған.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы
Сонымен қатар, сайт мамыр айында Қазақстанда қырылған киіктерге қатысты да ақпарат берген. Сол кезде жарты айдың ішінде 120 мыңға жуық ақбөкен қырылған еді. Мамандар жануарлардың бұлай жаппай қырылуының себебі ретінде бірқатар аурулар мен бактерияларды атаса да, нақты себеп толық анықталмағанын алға тартқан.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы
Құпиясы көп оқиғалардың бірі ретінде сайт Мексикадағы түрмеден есірткі баронының қашып кетуін атаған. «Эль-Чапо» деген лақап аты бар қылмыскер Хоакин Гусман шілде айында Мексикадағы қатаң режимдегі түрмеден қашып кеткен еді. Түрменің Гусман отырған бөлмесінің астынан 1,5 шақырымдық тоннель табылған. Есірткі баронның қазір қайда жүргенін ешкім білмейді. Арнайы қызмет өкілдері де оны таба алмай жүр.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

2015 жылдың соңғы үш айында Жапония аралдарының маңынан табылып жатқан ескі кемелердің тарихы да жұртты таң қалдырып келеді. 2013 жылы Жапония жағалауларынан 80, 2014 жылы 65, 2015 жылы 30 ағаштан жасалған кеме табылған. Бұл кемелердің барлығынан дерлік адам қаңқалары табылды. Кемелердің Солтүстік Кореядан келгендігі айтылып жүр, бірақ нақты дәлел жоқ.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

Айтпақшы, атақты «Тақтар ойыны» сериалы кейіпкерлерінің бірі Джон Сноудың тағдыры 2015 жылы әлемде көп талқыланған екен. mashable.com сайты Джон Сноудың тірі немесе өлі екендігін сериал көрермендері біле алмай отырғанын жазады. Тіпті, Джон Сноудың рөлін ойнаған Кит Харрингтонның «Сериалдың келесі маусымына қатыспаймын. Джон Сноудың өлгендігі айтылды. Мен өлдім. Сіздерге айтарым осы»,- деген мәлімдеме жасағанына қарамастан кейіпкерді сериалдың келесі маусымында көргісі келетіндер көп. Жұрт Джон Сноуға қатысты сауалға нақты жауап берілмегендігіне сеніп жүр. Дегенмен, бұл сауалға жауап сәуір айында табылары анық. Өйткені, сериалдың жаңа маусымы сол кезде көрсетіледі.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

Ал, Парижде 13 қараша күні болған терактіні ұйымдастырушы ретінде аталған Салах Абдеслам әлі күнге ұсталған жоқ. Ол сериал кейіпкері емес, бірақ, оны арнайы қызмет мамандары ұстамақ түгілі, қайда жүргенінен де хабарсыз екен. Тек оның Сирияға қашып кеткені туралы қауесет қана бар.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

2014 жылы Ауғанстандағы талибтердің қолында 5 жыл бойы тұтқында болған Боуи Бергдалды АҚШ билігі Гуантанамодағы 5 тұтқынға айырбастаған болатын. Бұл америкалықтардың арасында қызу пікірталас тудырған-ды. Сарбаз еліне оралған соң ол туралы бірде-бір ақпарат шықпаған. Әлеуметтік желілердің қолданушылары қазір сарбаздың тағдырының қалай болғандығына алаңдайтын көрінеді. Оның АҚШ түрмелерінің бірінде қамауда жатқаны туралы ғана сыбыс бар.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

Өткен қазан айында NASA-ның Cassini ғарыш аппараты Сатурнның серігі Энкеладуста мұхит бар екендігі туралы ақпарат жіберіпті. Қазір бетін мұз басқан мұхитта тіршілік бар ма, жоқ па деген тақырып 2015 жылы нақты жауап берілмеген сауалдардың қатарына кірген. Ғалымдар Энкеладуста мұхиттың бар екендігіне күмәнсіз сеніп отыр. Оған дәлел жеткілікті көрінеді.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

Сайт 2015 жылы нақты жауабы табылмаған сауалдардың қатарына Торғай геоглифтерінің қандай мақсатпен жасалғандығын адамзаттың әлі күнге біле алмай отырғандығын қосыпты. 700 шақырым биіктіктен түсірілген геоглифтердің фотолары ғалымдардың назарын аударған болатын. Алғаш рет 2007 жылы табылған 300 ге жуық геометриялық фигуралардың арасында свастика, айшық, шеңбер түріндегі көптеген бейнелер бар. Олар шамамен 8 мың жыл бұрын жасалған көрінеді. Бірақ, геоглифтердің сыры әлі шешілген жоқ.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

2014 жылы жоғалып кеткен Малайзияның MH370 ұшағы туралы да дерек аз қазір. Ұшақтың нақты қай өңірге құлағаны белгісіз. Тынық мұхитынан табылған кейбір бөлшектер MH370 ұшағына тиеселі делінгенімен, нақты айғақ жоқ. Адамдардың денесі де табылмады. Демек, бұл ұшаққа қатысты сауалдарға да нақты жауап табылмады.

Өткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалыӨткен жылдың жауапсыз қалған 11 сауалы

2015 жылы NASA мамандары Үнді мұхитына құлаған WT1190F жер серігінің көріністерін жариялаған. Алайда, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мұхитқа құлаған заттың жер серігінен әлдеқайда үлкен екендігін алға тартты. Өйткені, фотолар мен видеоларда ғарыштық қоқсытың көлемі үлкен екендігін көрініп тұр. Бірақ, NASA мамандары блоггерлердің сауалдарына бірде-бір рет жауап бермеді. Сондықтан, mashable.com сайты Үнді мұхитына құлаған заттың сыры ашылмағанын жазды.




Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу