Жапонияда соңғы жарты ғасырда жасалған алғашқы жолаушылар ұшағы аспанға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда соңғы жарты ғасырда жасалған алғашқы жолаушылар ұшағы аспанға көтерілді

11.11.2015
Жапонияда соңғы жарты ғасырда жасалған алғашқы жолаушылар ұшағы аспанға көтерілді
Бұл сәтті тамашалау үшін Нагоя әуежайының маңына жергілікті тұрғындар көптеп жиналды.

«Mitsubishi» компаниясы мұндай лайнерді осыдан 50 жыл бұрын шығарған. Ол кездегі әуе машинасы 50-орындық болса, жаңа ұшақтың салонына 100 жолаушы сияды.

Бір сағаттан кейін жерге оралған коммерциялық лайнерге 233 тапсырыс түскен. Солардың 32-сі жапондық компаниялардың еншісіне берілмек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу